Қарасай аудандық Полиция басқармасы ағымдағы жылдың 15-18 маусымы аралығында облыс аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен республикалық акция өтетінін хабарлайды.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы бойынша Дағдарыс орталығының «150», 87273464037 және аудандық Полиция басқармасының «102» немесе 2-35-64 сенім телефон нөмірлеріне хабарлассаңыздар болады.