Аудан әкімінің баспасөз мәслихаты өтті

Аудан әкімінің баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Алдымен, Жандарбек Ермекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы және өткен жылы жүзеге асырылған игі шараларды арнайы дайындалған бейне сюжет арқылы көрсетіп, таныстырды. Жетістіктер жайын сөз еткен аудан басшысының бейне роликтегі баяндамасынан журналистер біраз жайтқа қанықты. Тілшілер тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, аудан аумағындағы жарық, су, жол салу және үшауысымды мектептер туралы болды. Әсіресе, ауданда ірі кәсіпорындардың саны көп болғандықтан, жарықтың жетіспеушілігі және көші-қон көрсеткіші жоғарылауынан халық санымен қоса, жаңа үйлердің көбейгенінен су тапшылық мәселесі шешімін күтіп жүргені айтылды.

[su_custom_gallery source=»media: 8002,8001,8000,7999,7998,7997,7996,7995″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жандарбек Ермекұлы оған қатысты толық жұмыстар жасалып жатқанын әңгімелеп, бүгінде қолға алынып жатқан шаралардан болашақта оң нәтиже шығаратынына сенім білдірді. Үш ауысымды мектептерге қатысты қойылған сұраққа Ж.Ермекұлы 2017-2018 оқу жылында ауданда 11 үш ауысымды мектеп болғанын, биыл оларды жою мақсатында, 3 жапсаржай мен бір мектептің құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, алты мектептің жобалық құжаттары әзірленіп қойғанын да жеткізді. «Алтын орда» базарының маңында жүргізіліп жатқан жол құрылысы да тілшілер назарынан тыс қалмай, көлік кептелісі де әңгімеге арқауына айналды. Жобаның құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қазан айында басталып, 2020 жылға аяқтау жоспарланған. Жалпы құрылыс жұмыстарының қаражат көлемі 9 млрд. 100 млн теңге, соның ішінде өткен жылы 5 млрд. теңгеден астамы игерілген.
Бұдан бөлек, Жандарбек Ермекұлы «Жастар жылы», «7-20-25» бағдарламасы, көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік көмек жайлы сөз қозғап, біршама сұрақтарға жауап берді. Баспасөз мәслихаты соңында аудан басшысы Қарасай ауданының 90 жылдығына ерекше көңіл бөлініп, алдағы уақытта ауқымды шаралар жоспарланып қойғанын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях