Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің құттықтауы

Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің құттықтауы

Қадірлі қарасайлықтар, ардақты ағайын!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, шын мәнінде, егемен еліміздің абыройын асқақтататын, жан-жүрегімізге айрықша жақын, мәртебесі биік мерейлі мереке.

1991 жылы 16 желтоқсанда біз Тәуелсіздігімізді жер-жаһанға жариялап, дүние-жүзіне паш еттік.  Одан бері азаттықтың ақ жолымен жүріп, мемлекетіміздің беделін жоғары ұстап, абыройын арттырып келеміз.

Осы уақыт ішінде Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен республикамыз дамудың даңғыл жолына түсіп, қай салада болсын үлкен жетістіктерге жетті.

Бүгінде қоғамдық тұрақтылықтың, татулық пен ынтымтықтың, туыстықтың игілігін көп көріп отырған, берекесі мол, ынтымағы жарасқан халқымыз Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясын, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында жұмыла  жұмыс істеуде.

Қадірлі жерлестер, тәу етер Тәуелсіздігіміздің мерекесі құтты болсын! Жасампаз істерімен айдай әлемге тамаша танылған Қазақстанның даңқы алда да арта берсін! Баршаңызғада амандық-саулық тілеймін!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях