«Атамекен» ҰКП түтінсіз темекіге арналған жоғары акциздерге қарсы петицияны қолдады

«Атамекен» ҰКП түтінсіз темекіге арналған жоғары акциздерге қарсы петицияны қолдады

Бүгін арнайы баспасөз конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бірқатар бизнес-қауымдастықтар «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі бастаған қыздырылатын темекіге арналған акциздердің күрт арттырына қарсы петицияны қолдағаны жарияланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қазіргі уақытта қоғам мен бизнес өкілдері Қазақстан Президентіне тікелей жүгініп, оны темекіні түтінсіз қыздыру жүйелерін реттеудің әділетті тәсілін қалпына келтіруге шақыруда. Халықаралық зерттеулердің деректеріне сүйенсек, әдеттегі темекіге қарағанда оның зияны 90%-ға аз.

Петицияда жақында Мәжіліс депутаттары қабылдаған және сенаторлар қолдаған акциз мөлшерлемесін үш есе арттыру туралы шешім қыздырылатын темекіге өткен шылым шегушілердің тиімсіз жағдайға қойылғаны айтылған. Шын мәнінде, бұл шешім адамдарды әлдеқайда зиянды шылым шегуді жалғастыруға итермелейді, өйткені олар түтінсіз қыздырылатын өнімдерге қарағанда арзанырақ болады.

«Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасының» сарапшылары атап өткендей, жаңа енгізілімдер Қазақстанда шылым зияны төмен қыздырылатын темекіге қарағанда әлдеқайда арзан болуына және тиісінше, тұтынушы үшін үнемділігі жағынан тартымды болуына әкеледі. Нәтижесінде олардың есептеулері бойынша темекіні түтінсіз қыздыру құрылғыларына арналған стиктер қорабының бөлшек саудадағы бағасы орташа есеппен 900-1000 теңгені құрайтын болады. Ал бір қорап темекіні тұтынушы небәрі 650 теңгеге сатып алады.

«Тұтынушы үшін таңдау болу керек: темекі немесе балама өнімдер. Енді билік тұтынушыны балама өнімнен қайтадан темекіге көшуге мәжбүр етуде. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын түсінетін сындарлы саясат жүргізілуі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс» — деді Светлана Романовская, «Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы» РҚБ басқарма төрағасы, бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Заң жобасын дайындаған депутаттардың ел бюджетіне қосымша қаражат түсетіні туралы мәлімдемелеріне қарамастан, «Атамекен», «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» және басқа да қауымдастықтардың өкілдері осы шешімнің тұтынушылар, бизнес және ел бюджеті үшін жағымсыз салдарлары мәселесін көтеру қажет деп санайды. Олардың пікірінше, түзетулерді қабылдау процесі бастапқыда бұзушылықтармен өтті: ешкім бизнес-қоғамдастықтың пікірін тыңдамаған.

«Мен шылым шегудің кез-келген түріне қарсымын, бірақ дәрігер ретінде мен бұл тәуелділік және одан құтылу қиын екенін жақсы түсінемін. Сондықтан, тәуелділіктен арылғысы келетін және денеге зиянды азайтуды қалайтын темекі шегушілерді қолдау керек. Ал жану процесі жоқ балама темекі өнімдерін құптау керек. Өйткені олардың аэрозолында темекі түтініне қарағанда 90-95 пайызға аз зиянды химиялық заттар бар екенін дәлелдейтін көптеген ғылыми зерттеулер бар. Бізде Қазақстанда, өкінішке орай, шылым шегуге қарсы күрес инновацияларға қарсы күреске айналды, бұл темекі шегушілердің денсаулыққа деген құқығын бұзады, бұл ҚР азаматтарының конституциялық құқығы болып табылады»,  – деп есептейді «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.

«Елде біз, қыздырылатын темекі тұтынушылары, миллионнан астам адамбыз және біз өзіміз үшін никотинді тұтынудың түрін таңдадық. Біздің таңдауымыз саналы, біз көптеген факторларды ескердік, ғылыми мәліметтер мен зерттеулерден тәуелсіз тұжырымдар жасадық, денсаулығымызға әсер етуді ескердік. Біз денсаулыққа зиянды азайту үшін шылым шегуден қыздырылатын темекіге әдейі көштік», – делінген петицияда.

Одан бөлек бұл құжаттағы ақпаратқа сүйенсе, Мәжілістің жекелеген депутаттары Салық кодексі бойынша қыздырылатын темекісі бар өнімдерге арналған акциз мөлшерлемесін өзгертуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізген. Енді олар 2023 жылдан бастап мөлшерлемені үш есе ұлғайтуды көздейді.

Петицияны қолдаған қоғам мен бизнес өкілдері Қазақстан Президентіне бақылаусыз заң шығару процесіне араласуға және қазақстандықтардың денсаулық мүдделерін қорғауға, темекі мен қыздырылатын темекіге тең қолжетімділік жасап, депутаттардың қыздырылатын темекіге арналған акциздер мөлшерлемесін күрт арттыру жөніндегі бастамасын қабылдамауға өтініш білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях