Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған» деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.