АСЫЛ АРМАНДАҒЫ МЕКТЕП ҚАШАН БІТЕДІ?! (Видео)

АСЫЛ АРМАНДАҒЫ МЕКТЕП ҚАШАН БІТЕДІ?! (Видео)

25 мыңдай халқы бар «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің ең басты мәселесі – мұнда бүгінгі күнге дейін мектептің жоқтығы. Қазіргі таңда бұл жердегі оқушылардың біразы жақын орналасқан Кемертоған ауылындағы мектепке барып оқыса, қалғаны Қаскелең қаласы мен іргелес жатқан Алматының бірнеше мектебіне барып білім алады. Анығын айтқанда, асылармандық ата-аналар ұл-қыздарын ары-бері тасып, алыс мектептерге оқытудан қажыды. Сондықтан олар тұрғын үй кешенге арнайы мектептің салынуын өтініп сұрайды.

Талай жылдан бері көтерілген мәселе осыдан екі жыл бұрын оң шешімін тауып, мектептің қазығы қағылатын жер телімі табылған болатын. Алайда, бұл орында жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын байқамадық. Бірақ, нысанның төлқұжатына көз тастасақ, мектептің салынуына тапсырыс беруші компанияның да, құрылысқа жауапты мердігер мекеменің де атаулары нақтыланған. Қолда бар ақпаратты пайдаланып, «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде бой көтеретін білім мекемесінің салынуына жауапты «Advennto» ЖШС-нің басшысы Ержан Майлыбаевпен арнайы әңгімелестік. Көкейде жүрген көпшіліктің сауалдарын қойып, нақты жауапты алдық.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях