«Aspara fashion week» халықаралық сән апталығы

«Aspara fashion week» халықаралық сән апталығы

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласындағы «Арай Плаза» көпқабатты қонақ үйінің бірінші қабатында Жамбыл облысы əкімдігі туризм басқармасының ұйымдастырумен «Taraz-Aspara fashion week» халықаралық сəн апталығы өтті. Шымкент қаласында орналасқан «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері, «Нео-фольклор» стилінің негізін қалаушы Айдархан Калиевтің ұйымдастыруымен өткен халықаралық сән апталығына Еуропаның және Азияның 30-дан астам сарапшылары және әлемнің 18 елінен 33 дизайнерлері жиналды.

Апталықтың құрметті қонағы ретінде Қазақстанда ғана емес әлемге танымал, ұлттық салт-дәс­түрі­міздің ұмыт қалмауына барын салып, қазақы қолөнерді дамытуға күш салып жүрген жан­дардың бірі – ауданымыздағы «Балатай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлән Жанғұтты құрметті қонағы ретінде шақырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты — соңғы коллекциялардың көрсетілімінен басқа, қонақтар ежелгі Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасымен таныстыру. Бұл «Taraz-Aspara fashion week» екінші маусымы болды, біріншісі көктемде Шымкент қаласында өткен болатын. Сән апталығына шетелдік қонақтар, сәндік дизайнерлер және қала тұрғындары қатысты. Германия, Польша, Қытай, Түркия, Үндістан, Тайланд, Нидерланды, Ұлыбритания, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдерден келген дизайнерлер жаңа киім үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ көрмеге киізден жасалған бұйымдар, бисер, тас әшекей бұйымдар, гобелен, майлы бояу және т.б. жұмыстар қойылып, көрермен назарына ілікті.

Сонымен қатар, ұлтымыздың ұлттық тағамдарын шетелдіктерге насихаттау мақсатында «Дәмді», «Taraz food tourism-2018» ұлттық тағамдар көрмесі өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шарада жергілікті аспазшылар келушілерге түрлі тағам түрлерін ұсынып, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях