Алдағы уақытта аудан орталығы Қаскелең мен Талғар қалаларынан Алматыға қарай электр пойыздары қатынауы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда Талғар мен Қаскелеңнен электр пойыздарын шығару жоспарлары туралы айтып өтті. Жиын барысында қала басшысы кейбір қалалардан келетіндердің саны артқандықтан қоғамдық көліктің жетіспеушік мәселесі туындағанын атап өтіп, оны электр теміржолдарын салу арқылы шешуге болатындығын жеткізді.
– Біздің тарапымыздан қажетті шаралар қабылдануда. «Алматы-Ұзынағаш» бағыты бойынша бірнеше электр теміржол рейсі қосылды. Жаңа жылдан бастап «Қапшағай» бағытын қосамыз. Қазіргі таңда Қаскелең мен Талғар қалаларынан Алматыға қатынайтын адамдар саны артқандықтан оыс бағыт бойынша электр пойыздар жүргізуде жоспарлап отырмыз. Осы ретте Сізден Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына әкімдікпен бірлесе отырып, осы маңызды әлеуметтік жобаны пысықтап, оны кезең-кезеңімен іске асыруды тапсыруыңызды сұраймыз, – деді Сағынтаев.
Өте жақсы жаңалық!!!