Қаскелең бойынша екі маршрут іске қосылады (Видео)

Қаскелең бойынша екі маршрут іске қосылады (Видео)

Қарасай ауданында соңғы кездері қоғамдық көлікке қатысты мәселелер жақсы жағынан шешіліп келеді. Сондай жағымды жаңалықтардың бірі ретінде  3 сәуірден бастап Қаскелең қаласы бойынша №1 және №2А бағытында қатынайтын автобустардың іске қосылуын айтуға болады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған маршруттардың жүруі Қарасай аудандық әкімдігінің субсидиялауы арқылы жүзеге асуда. Жол ақысы 80 теңге болмақ. Оқушылар үшін 50% жеңілдік қарастырылған, яғни, 40 теңге. Бір айта кетерлігі, жол ақысын қолма-қол төлеуден бөлек, арнайы арнайы төлем жүйесі арқылы кез келген банк карталарымен де төлеуге болады. Одан бөлек, QR-код арқылы да төлем енгізу қарастырылған. Ал автобустардың қала ішінде қатынау бағытын «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-нің қызметкері Ерасыл Айтмухаметов түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях