Қаскелең қаласында тегін үйірмелер жұмыс істейді  

Қаскелең қаласында тегін үйірмелер жұмыс істейді   

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына нормативтік қаржыландыру жобасы басталған болатын. Яғни, қосымша білім берумен айналысатын жекеменшік орталықтар мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысу арқылы бюджеттен қаражат алып, есесіне халыққа тегін әрі сапалы қызмет көрсетуге көшеді. Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі –  Қаскелең қаласында орналасқан «Маметиярова» жеке кәсіпкерлігі.

Аталған орталық осыдан үш айдай бұрын ашылса да,  мемлекеттік қолдау аясында жұмыс істей бастағанына бір айдың көлемі болған. Қазіргі таңда мұнда 500-ге жуық бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 160 бала бейнелеу өнері, 160 бала домбыра, 50 бала вокал, 80 бала домбырамен ән салу  үйірмелері  тәлім алып, білімдерін жетілдіруде.  Аталған орталықты Қаскелең қаласының тұрғындары Баян Маметиярова мен Ардақ Сабитова ашқан. Жеке кәсіпкерлер төрт бағыт бойынша үйірмелерді ұйымдастырып, мемлекеттік тапсырысты орындап отыр.  Үйірмелерді де білікті, білімді, аса тәжірибелі мамандар жүргізеді. Мәселен, бейнелеу өнері бойынша Айнұр Тағаева мен Бекзат Отарбеков сынды ұстаздар тәлім берсе, вокал мен домбырамен ән салу үйірмесінің жетекшісі Аягөз Ахметова, ал, ұлттық аспап домбыраға бойынша сабақты Қизат Сұлтанов береді. Әзірге біз тілге тиек еткен Қаскелең қаласындағы  бұл орталықта 4 бағыт бойынша үйірмелер қол жетімді. «Маметиярова» жеке кәсіпкерлігі жетекшілерінің айтуынша, алдағы уақытта мұнда ағашты өңдеу, мүсіндеу би бойынша үйірмелерді ашу жоспарда бар екен.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях