«ҚАСКЕЛЕҢ АГРОПАРКІНДЕГІ» АЛҚАП КҮНІ

«ҚАСКЕЛЕҢ АГРОПАРКІНДЕГІ» АЛҚАП КҮНІ

Бүгін «Қаскелең агропаркі» аумағындағы «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нің базасында, «Алқап 2.0: Дәл егеін шаруашылығы және табысты фермалар құру» тақырыбында, егін және өсімдік шаруашылығы, өсімдікті қорғау және карантин, ауыл шауашылығындағы цифрлық технология саласындағы соңғы технологиялар көрмесі өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты ауыл шаруашылығы дақылдары егістік өндірісін, әртүрлі сорттар мен гибридтерді (Қазақстан, Франция, Канада, Венгрия,Молдова, Ресей), биологиялық белсенді заттарды, өсімдік қорғау құралдарын және жаңа жеделдетілген агротехнологияны көрсету еді.

Семинарға отандық және шетелдік агрофирмалар мен компаниялар, облыс ауылшаруашылығы басқармалары,  кәсіпкерлер, Қазақстан фермерлер одағы, инвесторлар, аймақтық билік өкілдері қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы вице-министрі А. Евниев құттықтау сөз сөйлеп, «Қазақ егін және өсімдік шаруашылғы ғылыми-зерттеу институты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А. Агеенко осы бағыттағы іс барысы туралы  кеңінен баяндады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях