Ашық аспан астындағы кітапхана

Ашық аспан астындағы кітапхана

Бүгін аудандық кітапхананың қызметшілері жергілікті әртүрлі жастағы оқырмандарға ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырды. „Бір ел — бір кітап„ акциясы аясында өткен іс-шараға аталмыш мекеменің директоры Ұлдархан Өтеева басшылық етті.

Ондағы мақсат жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау еді. Орталық алаңда пайда болған аспан астындағы оқу бұрышының ішінде көбінесе балаларға арналған әдебиеттер, әйгілі жазушылардың поэмалары, шығармалары қойылған. Бұдан бөлек, жуырда елімізде аталып өтетін „ЭКСПО-2017„ көрмесіне қатысты туындылар да орын тапқан.

Сондай-ақ, жас бүлдіршіндерге өзінің сөйлейтін қаламы бар кітапшалар өте қатты ұнап, оларды кезекпе-кезек жарыса оқуға талпынды. Айта кеткен жөн, бұл акция бір апта бойы жалғасып, әр оқырманнан қай кітап көп ұнайтыны туралы сауалнама алынып және оларға жадынамалар таратылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях