«Арманы асқақ – Астана»

«Арманы асқақ – Астана»

Жақында, Елордамыздың 20 жылдығына орай,  Қаскелең қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінде «Арманы асқақ – Астана» атты іс-шара өткізілді.

Аталған бас қосудың басты мақсаты  –  тарихы тереңге тартылған Астананың көркейіп, қанатын кеңге жаюына, әлем таныған қалаға айналуына өлшеусіз үлес қосқан Елбасымыздың ерен еңбегін насихаттау,  егеменді еліміздің өсіп-өркендеу жолындағы жарқын істерге білімді жастарды тарту және  тәрбиелеу еді.

Жиын барысында республикалық Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, ғылым саласының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы, институттың ғылыми қызметкері Әлімғазы Дәулетхан және аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы сөйледі.

Алғашқы сөзді белгілі ғалым  Әлімғазы Дәулетхан алып, Есіл өзенінің бойын ен жайлап жатқан Елорданың сайын дала – Сарыарқа төсіне орныққаннан бергі тарихын қысқаша айтып өтті.

Бұдан кейінгі сөзді тізгіндеген Зиябек Қабылдинов өзі жазған «Астана» кітабының  мәні мен мазмұнын байыпты баяндап, тәуелсіз Қазақ елінің осы орайдағы өзге жұрттарды қатты қызықтыратын жетістіктерін әдемі әңгімеледі, сәулеті мен дәулеті шетелдіктерді де тамсандырып, таңғалдырған мегаполистің керемет көркін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы осы жиынды ұйымдастырған қалалық кітапханашыларға алғысын білдіріп, әсем Астананың  қазақтың нағыз жүрегі екендігін сөз арқауына айналдырды.

Соңынан аудандық кітапханасының директоры Ұлдархан Өтеева келген қадірлі қонақтарға үлкен алғысын білдіріп,  қазақы дәстүрмен сый-сияпат көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях