Ардагер-журналист Берікбай Қадықов 70 жасқа толды

Ардагер-журналист Берікбай Қадықов 70 жасқа толды

Қазақстанның Құрметті журналисі, 40 жылдан астап ақпарат саласында еңбек еткен, Қарасай аудандық газетінде талай жыл қызмет атқарған, Қарасай ауданынык Құрметті азаматы Қадықов Берікбай Елеусізұлы бүгін 70 жасқа толуда, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Берікбай Қадықов 1952 жылы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Студент шағында Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакциясында төрт жыл қатарынан тәжірибеден өткен.

1980 жылы мемлекеттік комиссияның жолдамасымен Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық газетіне жұмысқа барып, әр жылдары тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған. Бір жарым жыл аудандық партия комитетінің идеология бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарып, кейін 21 жыл бойы осы басылымда бас редактор болып басқарды.

Туған жері Мойынқұм ауданында кеңес пен аудандық мәслихатқа бес рет депутат болып сайланған. 1985 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы Қарасай аудандық «Naqty» газетінде (бұрынғы «Заман жаршысы») тілші, бас редактордың орынбасары болып еңбек етті. Құрылғаннан бері Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамында және оның жұмысына белсене араласып келеді.

Ардагер-журналист Б.Қадықов 2020 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағын иеленіп, төсбелгісін алды. 2021 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы атанды.

Берікбай Елеусізұлы республикаға белгілі журналист. Мақалалары республикалық «Егемен Қазақстаннан» бастап, «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан» газеттерінде және Жамбыл облыстық «Ақжол», Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жиі жарияланып тұрады. 80-жылдардың басында «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде көптеген мақаласы жарық көрген. Оның редакторлығымен бірнеше кітап басылып шықты.

Президенттің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Журналистер Одағының, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының, Қарасай ауданы әкімінің марапаттарына ие болған.

Мерейлі 70 жасыңыз құтты болсын, Берікбай Елеусізұлы! Қарасай аудандық газеті мен желілік басылымның ұжымы Сізге күйлі-қуатты денсаулық, ғибратты ғұмыр тілейді. Ұрпағыңызбен көрер қызығыңыз таусылмасын. Қажыр-қайратыңыздың арқасында қашанда абырой биігінен көріне беріңіз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях