Қарасайлық ұстаздар үздік атанды

Қарасайлық ұстаздар үздік атанды

Еліміз бойынша өткен республикалық «Үздік педагог» байқауында қарасайлық мұғалімдер топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, таяуда елімізде оқу-ағарту министрлігі тарапынан дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік педагог» байқауы тәмамдалған еді. Осыған орай, кеше облыс орталығы Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аталмыш конкурста жеңіске жеткен ұстаздармен арнайы кездесіп, марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында біздің ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Айнұр Абишева мен Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі Гулина Оразалі де болды.

Салтанатты шара барысында облыс басшысы Айнұр Абджалалоқызына 3 млн.63 мың теңгенің сертификатын, ал Гулина Оразаліға 900 мың теңге сертификаты мен Ағыс хатын табыс етті. Сондай-ақ ұстаздарды «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Жалпы бұл күні облысымыздың бес мұғалімі ақшалай сертификаттар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях