Қыстың ызғары кетіп, көктем мезгілінің келуімен еліміздің әр аймағында көктемдік дала жұмыстары басталып кетті. Біздің Қарасай ауданымыздың кейбір шаруашалықтары да күн жылысымен дәстүрлі түрде көктемгі егіс науқанына кірісіп, жұмыстарын жүргізуде. Солардың бірі ретінде – Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Жалпақсай ауылында орналасқан «Агропарк Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылығын айтуға болады. Аталмыш шаруашылықтың иелігінде 2500 гектар жер болса, оның 1630 гектары көктемгі егіс алқаптарына арналып отыр. Нақтырақ, айтқанда ҚР ауылшаруашылық министрлігінің тікелей тапсырмасына сәйкес осы мезгілде түрлі дәнді-дақылдарды егуді жоспарлауда. Оның ішінде бұршақ тұқымдас өсімдіктер, жүгері, мал азығы болып табылатын жоңышқа және арпа, бидай сияқты күздік дақылдардың тұқымдары да себіледі.
Ал, шаруашылықтың бас директорының орынбасары біз қашанда жоғары, әрі сапалы түрде өнім алуға тырысамыз дейді. Ол үшін шетелдік шаруашылықтармен де жиі тәжірибе алмасу болып жататынын да айтты.
Қазірдің өзінде шаруашылық көктемгі науқанның алғашқы жұмысын ретінде 200 гектарлы жерге жүгері тұқымын себуді бастап кеткен. Осы егіс алқаптарының жалпы жұмысын бүгінгі таңда 90 білікті жұмысшы еңбек етіп, асқан жауапкершілікпен жұмыс атқаруда. Қажетті 15 техниканың барлығы да далалық жұмыстарға толығымен дайын болса, келешекте шаруашылық тағы да соңғы үлгідегі 4 трактор, 2 комбайн техникаларын қосуды жоспарлап отыр. Жалпы өнім өндіру бойынша «Агропарк Оңтүстік» шаруашылығы бес өсімдік зерттеу институттарының нұсқаулығы арқылы өз жұмыстарын қадағалап отырады. Ал, көктемгі дала жұмыстары осы сәуір айының 25-не дейін бітіруді жоспарлап отыр.