Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында дойбыдан республикалық жарыс өтуде

Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында дойбыдан республикалық жарыс өтуде

Қазір Қарасай ауданында жасөспірімдер арасында дойбыдан республикалық жарыс өтуде. Дүбірлі дода наурыз айының 21-нен бастау алып, Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында жүріп жатыр. Республикалық сайысқа еліміздің барлық өңірлері мен қалаларынан, атап айтқанда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтау, Батыс және Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 109 спортшы жиналды. Жалпы, қатысушылар 4 жас санаты бойынша сынға түсіп, өз ой жүйріктігін дәлелдеуде. Аталмыш чемпионаттың жабылу салтанаты үстіміздегі айдың 30-на жоспарланып отыр, жүздің жүйрігі сол кезде анықталатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях