Қарасай ауданы әкімінің аппаратында кадрлық ауыс-түйістер орын алуда. Аталмыш мекеменің конкурстық комиссия отырысының қорытынды хаттамасы негізінде және аудан әкімінің өкімімен Машрап Бақытжан Абутурапұлы Қарасай ауданының құрылыс бөліміне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Бақытжан Машрап – Қаскелең қаласының тумасы. 1995 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2017 жылы Қарасай ауданының құрылыс бөлімінде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша практикант болып бастаған.
Одан кейінгі атқарған қызметтері төмендегідей:
2017-2018 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс бөлімінің көлік жүргізушісі;
2018-2021 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы;
2021-2022 жылдары – Қарасай ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
2023-2024 жылдары – Алматы облыстық құрылыс басқармасына қарасты коммуналдық және ауылшаруашылық нысандарының құрылысы бөлімінде бас маман;
2024 жылдың ақпан-сәуір айларында – Қарасай ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы құрылыс бөлімі башысының міндетін атқарушысы болып қызмет атқарды.