ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен, полиция полковнигі Беркинбаев Талғат Бақытжанұлы Алматы облысы ПД Қарасай ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы police_karasay сілтеме жасап.
Талғат Бақытжанұлы 2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтын бітірген.
Ішкі істер органдарында 1998 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді. Әр жылдары Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл аудандарында және Алматы, Қапшағай қалаларынының полициясында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған.