Қарапайым еңбек адамы

Қарапайым еңбек адамы

Перзентханадағы іңгәлаған сәбидің өмірге келуі бірінші Алланың сосын дәрігерлердің арқасы. Дүние есігін алғаш ашқан баланың таза жерде жатып, микробтардан сақталуына тазалықшылардың қосар үлесі мол. Соның бірі – өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, ұқыпты әрі ұжымына сыйлы   Еламанова Айгүл Қызырқызы. Қарасай аудандық орталық ауруханада жұмыс істейтін ол 1972 жылы ШҚО- ның, Мақаншы ауданы, Қаратұма ауылында туған. Оның балалық шағы жайында сұрағанымызда, мектеп жасында қоғамдық шараларға белсене араласқаны мәлім болды. Ән айтып, өлең оқыған, биден де құр алақан емес. Арман қуып Алматы қаласына келіп, Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне түсу үшін емтихан тапсырған. Бірінші кезеңде ағылшын тілінен төмен балл алып, «түсе алмаймын» деген сенімсіздікпен, келесі бөлімге өтпеген. Содан кейін ауылына қайтып, еңбекке араласқан.

Еліміз тәуелсіздігін алған жылы оңтүстік астанаға қайта келіп, Үшқоңыр кәсіптік техникалық училищесіне оқуға түсіп, бір жылдан соң есепші мамандығын алып шығады. Әрбір нәзік жандының өмірлік мұраты тұрмыс құрып, бала сүю. Осы мақсатта тоқсаныншы жылдардың алғашқы жылдарында Айгүл отау тігеді. Бүгінде жолдасы Талғат Рахимбаев екеуі үш қыз, бір немере тәрбиелеп отыр.

Кейіпкеріміз он жылдан астам уақыт перзентханада тазалықшы боп еңбек ететіне ешқашан ұялмайды. Себебі, несібесін маңдай терімен тауып келеді. Сұхбат барысында кейіпкерімізді басқа да қырынан тануға тырыстық. Бір байқаған ерекшелігіміз оның өзіне тән қарапайымдылығы мен әріптестеріне деген құрметі. Олай дейтініміз, осы уақытқа дейінгі сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат табыстаймыз дегенде, бас тартып, орнына өзгені ұсынған. Бұл оның көңілінің кеңдігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, ол жасы қырықтан асса да білім алудан қайтпаған, ізденімпаз жан. Екі жыл бұрын «Жәрдем» медицина колледжіне түсіп, оны биыл емдеу ісі бойынша аяқтағалы жатқан көрінеді.

Тағы бір айта кететіні, адамнан адам шығып, тәуелсіз еліміздің дербес перзенттері дүниеге келіп жатқан теңіздей іске тамшыдай болса да үлес қосып жүргенін ол жақсы біледі. Ара- тұра «сен қарапайым тазалықшысың» дегендей тәкәппарлыққа да куә болғып жатады. Бірақ ол жасымайды. Себебі, сырт көзге еленбейтін, дей тұрғанменде әлеуметтік өмірімізде маңызды рөл ойнайтын саланың өкілі екенін іштей терең ұғады.

Міне, қарапайым іске зор жауапкершілікпен қарайтын Айгүл осындай жан. Сүйікті жар, аяулы ана, асыл әже, бастысы, бақытты еңбеккер әйел!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях