«Апортты» тонаған ұры Кербұлақта ұсталды

«Апортты» тонаған ұры Кербұлақта ұсталды

Кербұлақ ауданының полициясы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған тұрғынды анықтап, айғақ заттарды тәркіледі, деп хабарлайды naqty.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында Кербұлақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қаңтар айының басында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкендерге шабуыл жасап, өзгенің мүлкін заңсыз иеленген күдіктіні Қаспан ауылынан құрықтады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің мекенжайынан 5 дана телефон, планшет, бірнеше қол сағат, құлаққаптар, микрофлешкалар мен «Билайн» абонеттерінің нөмірлері табылды. Табылған заттар тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді, – деп хабарлады Кербұлақ ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Полиция басшысының ақпараты бойынша, іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған 1998 жылы туған азамат бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Алматыға жұмыс істеуге барған қаладағы жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, «Апорт» сауда үйіндегі дүңгіршектердің бірінен тәркіленген заттарды заңсыз иемденіп кеткен.

– Тәртіп сақшыларының бұлтартпас айғақтарынан кейін күдікті қылмысын толық мойындап, заңға қайшы әрекеті үшін өкінетінін жеткізген. Оның әрекетіне сот органдары нақты баға беретін болады. Сонымен қатар, полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын тексеруде, – деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях