Апорттағы облыстық акция

Апорттағы облыстық акция

ЖИТС(СПИД) сияқты күрделі ауру адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатыны белгілі. Алайда, бүгінде бұл дертті бастапқы кезеңінде емдеуге болатынын отандық медицинамыз дәлелдеуде. Сонымен қатар, бұл ауруға шалдыққан азаматтардың да құқықтары қорғалып, жұмысқа жарамды екені әртүрлі іс-шаралар арқылы кәсіпкерлерге түсіндірілуде. Мысалы, таяуда Алматы қаласы мен аудан тұрғындарының сүйікті мекеніне айналған «Молл-Апорт» сауда және ойын-сауық орталығында «ЖИТС сіздің бизнесіңізге әсер етпейді» атты облыстық акциясы өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының, туберкулезге қарсы аймақтық диспансерінің және аудандық орталық аурухананың мамандары бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға аталмыш орталықта жұмыс жасайтын кәсіпкерлер, өз еркімен қатысуға ниет білдірген азаматтар келіп, аталмыш ауру жайлы толық ақпарат алды. Яғни, онда іс-шараның мақсатына сәйкес бұл дертке шалдыққандар да жұмысқа жарамды екені толық түсіндірілді. Сонымен қатар, өз ауруын жасырмай, мемлекет тарапынан қарастырылған тегін ем-домдарды алуға болатыны айтылды.

Дәрігер-эпидемиологтар Дидар Ибраимов пен Мөлдір Байғабылова аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды айта келіп, тілек білдірген жандарды ЖИТС-на жедел диагностикадан өткізіп, сауалнама жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Жалпы, акция барысында 78-ге жуық адам жедел тестілеу мен тексеруден өтті.

Жиын соңында, Алматы облыстық ЖИТС орталығының және туберкулезге қарсы аймақтық диспансерінің мамандары іс-шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға септігін тигізген «Молл-Апорт» сауда және ойын-сауық орталығының басшылығы мен аудандық орталық аурухананың қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях