Алматыда ақылы көлік тұрағы кімдерге тегін болады?       

Алматыда ақылы көлік тұрағы кімдерге тегін болады?        

Алматыда ақылы автотұрақтарды тегін пайдалануға құқылы адамдар санатының тізімі толығады. Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz.

Жобаны Алматы қалалық мобильді басқармасы дайындады. Басқарма қаладағы ақылы автотұрақтарды пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізіп жатыр. Ақылы көлік тұрағында орынды тегін пайдалану құқы бар тұлғалар тізімі толықтырылады.

Тізімге қосылғандар:

1) басқа мемлекет аумағында болған соғыс ардагерлері;

2) туғанынан мүгедек және мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;

3) «Алтын Алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар»;

4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамдар;

5) электромобильдер.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях