Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

Алматы облысының жастары латын әліпбиіне көшуді қолдады

Алматы облысының белсенді жастары Жастарға қызмет көрсету орталығында  ҚР Парламент Мәжiлiс залында өткен жиынды онлайн көріп, жан-жақты талқылады. Жас көшбасшылар  әліпбидің  латын тіліне көшу саясатын қолдады.

«Парламент латын алфавитіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер мұндай бастамаларға оңды пікірлер қалыптастырмауы да мүмкін. Бұған шет елдік талай мысалдарды айтсақ болады. Психологиялық  тұрғыдан алатын болсақ,  инновацияның қадамдық әдісі ең тиімді болып табылады», — деді Алматы облысының жастар ресурстық орталығының психологы Алтын Садуова.

«Ұсынылған әліпбидің 25 таңбадан тұратыны мені қуантады. Біріншіден,әріптер саны қазіргі әліпбиімізден аз әрі ыңғайлы. Екіншіден, диграфтарды қолдану жағымды жаңалық болды», — деді Tinfo сайтының авторы Талғат Аблаев.

«Қазақ тілін латын жазуына көшіру мәселесі аймақтық жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда  мекен-жайымызға жастардан латын алфавитіне көшу туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осы себептен сіздерді қаралып отырған мәселені талқылау үшін ұйымдастырдық. Парламентте сарапшылар бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, біз аймақтың барлық өңірлерінде осындай пікірталастар өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәурен Қасенов.

Жиын соңында  тыңдаушылар да өз пікірін білдіріп,  25 әріптен тұратын латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатынын сөз етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях