«Матрица.kz» ақпараттық интернет-порталының сараптамасына сәйкес 2019 жылдың «Үздік әкімі» болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Аталмыш интернет-портал әрдайым Қазақстан аймақтарында болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырады. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдардың және әкімдердің халықпен қарым-қатынасын, жұмысын көрсету үшін аймақтардың ақпараттық белсенділігін талдауды жүйелеу туралы шешім қабылдаған болатын. Жуырда «Матрица.kz» порталы бір жыл сараптама жүргізіп, үздік нәтиже көрсеткендерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласында марапаттады.