Алматы облысында індеттің екінші толқынына деген дайындыққа қаржы қарастырылды  

Алматы облысында індеттің екінші толқынына деген дайындыққа қаржы қарастырылды   

Алматы облысының әкімдігінде короновирустың екінші толқынына дайындық мәселері жан-жақты пысықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірдегі ауруханалардың COVID-19 инфекциясын емдеуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы, кадрлық жасақталуы, дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру, ПЦР-зертханалардың қызметі жөнінде баяндады. Оның айтуынша, коронавирус індеті мен пневмония көрсеткіші бүгінгі күні едәуір төмендеген. Қазіргі кезде облыс көлемінде 42 адам аталған вируспен, ал 401 адам пневмониядан ем алуда.

Бүгінгі күні індетпен күрес шаралары үшін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, екінші толқынына дайындық шаралары үшін облыстық бюджеттен 6,6 млрд. теңге бөлінген. Дайындық шараларының ішінде компьютерлік томограф, пульсоксиметр, виброакустикалық аппарат, рентген аппараты, ИВЛ, концентратор сияқты құрал-жабдықтар сатып алу жоспарда бар.   Сонымен қатар КВИ-ді емдеуге тартылған медициналық ұйымдардың жанынан кислородтық стансалар қойылып, 140 жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасы мен Алматыдағы облыстық көп салалы клиникалық аурухананың коронавирусты емдеуде өңірдегі негізгі екі орталық болатынын түсіндірді. Сондықтан осы екі медициналық орталықта індетті емдеуге қажетті аппараттардың санын, қажеттілігін түгендеуді және соған сәйкес сатып алынатын аппараттардың түрлері мен көлемін анықтауды тапсырды.

— Өңірдегі екі аурухана КВИ-дің екінші толқынына толық дайын болуы үшін барлық қажетті құрал-жабдықтары түгел болуы тиіс. Коронавирус инфекциясы әсіресе, созылмалы аурулары бар сырқаттарға ауыр тиетіндіктен инфекционистер ғана емес, басқа да маман дәрігерлер ем шараларына әзір тұруы тиіс. Әсіресе, ауыр науқастарды емдеп, өлім-жітімді болдырмауда мұның маңызы зор. Инфекциямен күресте негізгі күш осы ауруханаға түседі. Сондықтан онда мықты кәсіби мамандар топтастырылуы тиіс. Сырттан тартылатын мамандардың әлеуметтік жағдайын да назардан тыс қалдырмауымыз керек, — деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыс басшысы инфекциялық аурухананың ішкі безендірілуі мен сыртқы аумағын абаттандыру мен көркейту жұмыстарына қазірден кірісуді тапсырды.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях