Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 33 адам босатылды

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 33 адам босатылды

Алматы облысында тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған 33 адам босатылды. Оның ішінде сегізі – кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпаратты облыс прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров 14 ақпанда өткен брифингте мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 88 адам әлі де қамауда. 60-ына қатысты басқа да бұлтартпау шаралары таңдалған. Сот олардың жеке басын, жасын, денсаулық жағдайын, іс-әрекетке қатысын және басқа да мәліметтерді мұқият қарағаннан кейін бұлтартпау шараларына рұқсат берді.

Алматы облысында болған қаңтар оқиғалары нәтижесінде 758 адам жарақат алды, оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметкер және 37 азамат бар.

– Президент тапсырмасына сай, жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған адамдардың жазасын жеңілдету бойынша шаралар қабылданды. Бірақ бұл тәсіл әр адамға жеке беріледі. Өйткені қылмыстың ауырлық дәрежесі мен сипаты бағаланды, – деді Р.Әміров.

Брифингте айтылған ақпаратқа сүйенсек, Алматы облысында қаңтардағы оқиғалар бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның ішінде 158 — тонау дерегі бойынша, 191 — қаруды заңсыз сақтау туралы іс, 11 — лаңкестік дерегі бойынша, үшеуі — тәртіпсіздіктер бойынша, үшеуі — кісі өлтіру бойынша.

Сонымен қатар, жазаны жеңілдетуге қатысты 93 апелляциялық өтініш енгізілді, оның 71-і босатуға, 22 айыппұлға өзгертілді. Прокурордың актілері сотта қанағаттандырылды және қазір облыста әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша қамауға алынғандар жоқ.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаптау дерегіне қатысты 37 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях