Қала тұрғындарына арнап дастархан жайды

Қала тұрғындарына арнап дастархан жайды

Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. Ұлыстың ұлы күні барша адамзат баласы жақсылық пен ізгілікке ұмтылады. Қарасайлық кәсіпкерлер де бұл тұрғыда қалыс қалмай, өнегелі істің үлгісін көрсетуде.

Атап айтқанда, Қаскелең қаласындағы «Тянь-шань» асханасының ұжымы мейрам қарсаңында қала тұрғындарына дастархан жайып, наурыз көже ұсынды. Жүзден астам адам қоғамдық тамақтандыру орны қызметкерлерінің қонақжайлылығына куә боп, ерекше ризашылықтарын білдірді.

Асхана басшысы Гауһар Мукатаеваның айтуынша, түрлі шығыс тағамдарын бабына келтіре әзірлейтін тамақтандыру мекемесі ұжымы Ұлыстың ұлы күнін асыға күтеді. Сондықтан, осылай көпшілікке қуаныш сыйлау арқылы, ұлттық салт дәстүрді, қазақы кең пейілділікті насихаттауды, жастарға үлгі етуді жөн көрген. Ал, мерекелік шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары да өз үлестерін қосып, әсем әннен шашу шашып, жиналған жұртшылықтың көңілін көтерген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях