Қала әкімі құттықтады

Қала әкімі құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесінде Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Далабаев аудан орталығындағы мектеп директорларын және олардың орынбасарларын аталмыш мейрамдарымен салтанатты түрде құттықтады.

Бұл мейрамда барша нәзік жандылар құрметке бөленетінін алға тартқан қала әкімі, жиналғандардың барлығына ізгі тілегін білдіріп, өз атынан гүл шоқтары мен сыйлықтарын тапсырды. Ал, мереке иелерінің атынан қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева сөз алып, басшылар тарапынан білдірілген бұл ізетке алғысын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях