Қайрат Сатыбалдының тау бөктеріндегі вилласының суреті табылды

Қайрат Сатыбалдының тау бөктеріндегі вилласының суреті табылды

Аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен екі айға қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы тағы бір вилласының спутниктен түсірілген суреттері пайда болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан хан сарайдың фотоларын белгілі заңгер Бақытжан Базарбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.  Оның айтуынша, кадастрлық нөмірі 03-047-150-053, ауданы 62 458 шаршы метр болатын жер телімі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі.

Қазір бұл аумақта аумағы 2500 шаршы метр болатын вилла, үлкен бау-бақша және оның бойындағы әдемі жолдар, екі тікұшақ алаңы, теннис корты, қонақ үй, күзет үйі және бірнеше көлікке арналған тұрақ бар. Алайда бұл вилланың қасында ешбір елді мекен жоқ. Ұзын Қарғалы шатқалының әсем тау жоталарының ортасында Қайрат Сатыбалдының вилласы жалғыз орналасқан. Бақытжан Базарбек ешбір елдімекенмен шектеспейтін жалғыз үйге жер телімі қандай жолмен берілгенін жіті тексеру керектігін айтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях