Адамзатты адам саудасы алаңдатады

Адамзатты адам саудасы алаңдатады

Тиісті сала мамандары адам саудасына қатысты заң тұрғысынан ақпарат беріп, тұрғындардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Әлем халқын алаңдатқан қауіпті қылмыстың бірі – адам саудасы. Мұндай жан түршігерлік оқиғалар біздің елімізде де бар екені жасырын емес. Күрмеуі қиын мәселе көбінесе жалдамалы жұмыстың арқасында еңбекке жегілу, құлдыққа түсу, зорлық-зомбылыққа тап болу сияқты адам жошырлық қылмыспен сипатталып жатады. Одан бөлек, бала ұрлау фактісін де айтуға болады. Осы және басқа да адам саудасына қатысты мәселелерге төтеп беру үшін заң аясында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі орынды. Солардың бірін бүгін «Родник» әйелдер мен балаларға арналған əлеуметтік-психологиялық оңалту жəне бейімдеу орталығы қоғамдық қоры ұйымдастырып, көпшілік орта болып табылатын аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қаскелеңдегі «Жер-Ана» базарында мобильді кеңес өткізді. «Адам саудасына қарсы бірге тұру» ақпараттық марафон жобасы аясында қолға алынған бұл түсіндіру жұмысына арнайы бекітілген комиссия мүшелері қатысты. Оның құрамында Қарасай ауданының білім бөлімінен, ауруханасынан, полиция басқармасынан, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен, қалалық әкімдіктен, жастар ресурстық орталығынан өкілдер, сонымен қатар, аталмыш қоғамдық қордың кезекші адвокаты болды.

Өзекті мәселені арқау еткен бұл жиында ұйымдастырушы орталықтың әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірушісі Ғазиза Жайсанбаева қарасайлық азаматтарға жан-жақты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысты. Көпшіліктің көңіліндегі мәселелерге қатысты пікірін білдіріп, тиісті салаға қатысты комиссия мүшелерімен ақылдасып істің мән-жайын анықтауға тырысты. Оның айтуынша, мұндай кеңестер адамдардың құқықтық сауатын арттырады. Тіпті, қоғамдық қордың арқасында құзырлы органдардың тарапынан осы уақытқа дейін 111 бала қамқорлыққа алынып, олардың отбасыларына қолдау көрсетілген.

Марафон аясында комиссия мүшелері адам саудасына қатысты және осы тақырыптың төңірегінде туындайтын мәселелерді де сөз қылды. Әркім өз саласында қатысты тұрғындарға тиісті ақпарат беріп, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде ақылдасты. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша,  осындай жұмыстар Ақтау, Тараз және еліміздің шекарасымен шектесетін бірқатар өңірлерде өткізіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях