Абай гимназиясындағы кездесу

Абай гимназиясындағы кездесу

4 маусым күні, Абай атындағы мектеп-гимназияның акт залында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумовпен аудан жұртшылығының кездесуі болды. Аудандық мәслихаттың депутаттары,округ әкімдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жергілікті ардагерлер кеңесінің жетекшілері, мешіт имамдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл тұрғындары қатысқан кездесуді аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева кіріспе сөзбен ашты.

Мұнан кейін халық қалаулысы мінбеге шығып, Парламенттің бір жылғы жұмысы туралы, қабылданған заңдар жайында жан-жақты  айтып берді.

  • Қазір сенаторлар мен мәжілісмендер демалысқа шықты, – деді, сонымен қатар, Шаймардан Усайынұлы. – Бірақ, жер-жерге барып кездесулер өткізудеміз. Өйткені, біз үшін халықпен, сайлаушылармен жүздесе отырып, ел жағдайын, көпшіліктің ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін білу өте  маңызды.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаты келесі кезекте Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жөнінде байыпты баяндай келе, «Қазақстанның үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген Жолдауына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  аса маңызды бағдарламалық мақаласында көтерілген өте өзекті мәселелер және олардан туындайтын міндеттерге жиналғандардың назарын аударды.

  • Бұл, шын мәнінде, қоғамдық санаға үлкен қозғалыс әкелген тағлымы мол тарихи еңбек, талдауы терең ғылыми еңбек, – деп баға берді шешен Президент мақаласына. – Ырысты ынтымағы жарасқан, тыныштық, татулықта, тұрақтылықта береке-бірлікпен өмір сүріп отырған қазақстандықтардың Елбасы алға қойған мақсаттарды толық жүзеге асыратынына сенеміз.

Мәжілісмен, сондай-ақ, жастар тәрбиесі мен имандылық туралы да әсерлі әңгімелеп, осы бағытта атқарылар  істерді атап өтті.Өздерінің негізінен заң шығарумен шұғылданатынын айта отырып, әрбір заңның ең алдымен елге, халыққа қызмет етуі керектігін жеткізді.

Жиында Шаймардан Усаинұлы бірқатар қатысушылардың, атап айтқанда, Ұмтыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов, ауданның Құрметті азаматы Ағабек Шалғынбайұлы, Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Гүлнар Аманова және тағы басқалардың өздерін ойландырып, толғандырған мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева қортындылап, Парламент депутатына халықпен жүздескені үшін үлкен рахметін айтты.

Кездесуге Алматы облыстық қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Жанай Ибрагимұлы Садеков қатысып отырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях