Құралайды көзге атқандар сынға түсті (Видео)

Құралайды көзге атқандар сынға түсті (Видео)

Байырғы ұлттық ат спортының ішінде ең рухтысы – «Жамбы ату» сайысы. Құралайды көзге атып, жүйрік жылқыны тақымдайтын қыз-жігіттер соңғы уақытта аталған спорт түрін жанына серік етіп, жауынгерлік өнерімен көзге түсуде. Олардың арасында Алатаудың ат құлағында ойнайтын жастар жетерлік. Жақында дәл осы «Жамбы ату» сайысынан Алматы облысының және Алматы қаласының спортшылары бақ сынп, Әйтей ауылдық округінің аумағындағы «Қазанат» атшабарында әдемі ойын өрнегін көрсетти. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық турнире «Қазанат» мәдени-білім беру қоры қолдау білдіп, ұлттық ойынды ұлықтауға үлес қосты.

Спорттық шарада алдымен Қарасай аудандық анал алқасының төрайымы, Қарасай ауданының Құрметти азаматы Ақылия Бекбайқызы сөз алып, ақжарма тілегін айтып, жарыс қатысушыларына сәттілик тіледі. Одан кейин сайыстың тізгинін бас төреші Сәрсенбай Құлбаев алып, төрешілерді және Алматы қаласының, Қарасай, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарының намысын қорғауға келген үзіңгілес жастарды таныстырды. Айта Кетейик, турнирде «Жамбы ату» өнерін еркін меңгерген, ел нашысын байрақты бәскеде қорған жүрген жастар бақ сынды. Жамбы ату – қазақтың ежелгі әскери-спорттық ойыны. Они были ерекшелігі и үстінде шауып келе жатып, арнаулы ілінген бірнеше нысананы садақпен дел тигізуі тиис. Бұл жерде нысана дегеніміз жылқының қылынан жасалған, арқанға илінген шеңбер және ол «жамбы» деп аталады. Дәл осыны сайыскерлер атпен жүйіткіп келе жатып, әрбірін қағып түсіруі тиіс. Осылайша олардың мергендігі мен шапшаңдығы эскерілип, жеңімпас анықталады. «Жамбы атудың» осы сипаты қазақ стилі болып табылса, а также корейские түріндегісі төртбұрышты нысанаға негізделген. Ониң иші бірнеше шаршыдан тұрады. Ортасына жақындаған сайын ұпай саны жоғары болады. «Жамбы ату» сайысының аталған екі түрі бойынша біз сөз еткен жастар өзара кіл мықтыны анықтауға тырысты. Бірі мергендигімен көзге түссе, енді біри бабы мен бағы келіспей, қатарынан қалыс қалып ятты. Жарыс болған соң біреуі оза шабатыны анық. Қыз-жігіт болып қатар сынға түскен жастардың арасында ерлердің сайысынан І орынды Бахыт Абдрахманов жеңіп алды. Ал Асылбек Қазбек ІІ орынды қанағат тұтса, үздик үштіктен Мадияр Шәріпбай көринді. Бұрымдыларға келер болсақ, І орынның жүлдесі Шолпан Нығманға бұйырды. ІІ орынды Аружан Жаңбырболат алса, Жанерке Сулейменова ІІІ орынға лайық деп танылды Жарыс соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дайындаған медальдарына и болып, қаржылай сыйақымен лайықты деңгейде марапатталды. Сондай-ақ үздік ойыншы қыз-жігіттерге кубоктар табыс етілді. Спортшылардың и үстіндегі өнеріне көпшілік риза болып, қошеметпен алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях