Президенттің стипендиясын қандай ЖОО алады?

Президенттің стипендиясын қандай ЖОО алады?

Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті қоса беріліп отырған бөлуге сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жоғары оқу орындарына қаражат бөлуді қамтамасыз етсін», делінген құжатта.

Қосымшаға сәйкес 18 стипендия бөлінді:

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ – 5;

«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ – 9;

«Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ – 4.

Бұйрық жобасы 9 қарашаға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях