ПРЕЗИДЕНТТІ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ НЕЛІКТЕН 12 МАУСЫМ ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ НЕЛІКТЕН 12 МАУСЫМ ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚР Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбатында айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын толықтыру міндетін орындап, есептерін жариялай алса», — деді жаңадан сайланған Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап беріп.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев неліктен дәл осы күннің таңдап алынғанын былайша түсіндіріп өтті: «Өйткені, 14 маусымда бұған дейін айтқанымдай, Бішкекке, одан ары Душанбеге ұшамын. Бұл ірі халықаралық шаралар және бұл шараларға Қазақстан Президентінің өкілеттіктерге иелік еткендігі дұрысырақ болады».

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях