Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекетік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысын осы сөздермен түйіндеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда қазіргі идеологиялық бағдарламаларды нақты атап көрсеттім. Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекетік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс. Бұл біздің қолымыздан келеді», — деп сөзін түйіндеді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев.