Президент: «Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді»

Президент: «Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістан халқымен кездесуі барысында еліміздің ахуалына тоқталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ел Президенті қазіргі күрделі жағдайда ең алдымен адамгершілік, ұйымшылдық таныту керектігін алға тартты. Сонымен қатар елге келіп жатқан шет ел азаматтарына қатысты ойын да білдірді.

«Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік мүддесі қашанда басты назарда екенін жеткізді.

«Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек», – деп ойын жеткізді Мемлеке басшысы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях