Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы фонтанда әйел мен екі баланы құтқарып қалған студент Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», – деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 20 маусымда әйел мен екі қызды фонтанда электр тогы ұрғаны хабарланған болатын.