Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне 12 жылдық білім беруге асықпай көшуді ұйымдастыруды тапсырды деп хабарлайды Karasayinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті ведомствоның ағымдағы жұмысы мен оның алдағы жоспарлары туралы есеппен қабылдап, министрдің баяндамасын тыңдады. Қабылдау барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы министрлікке оқу бағдарламалары мен білім деңгейі уақыт талаптарына сәйкес келмейтін жеке университеттердің лицензияларын тәуелсіз қайтарып алу мәселесін қолдады, сондай-ақ, осы процедураның нормативтік базасын заңнамалық деңгейде әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аталмыш министрлікке жүйелі түрде, асықпай, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ұйымдастырып, инфрақұрылымды, бағдарламаны және жалпы білім беру жүйесін дайындауға назар аударуды тапсырды.