Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полиция қызметкерлерінің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– Біз полицейлердің жалақысы төмен екенін айтқымыз келді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз, – деп түсіндірді Е.Тұрғымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтеріледі. Бұл орайда сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі.