Пойыздың үстінде селфи жасамақшы болған жасөспірім мерт болды  

Пойыздың үстінде селфи жасамақшы болған жасөспірім мерт болды   

Таразда тоқтап тұрған пойыз вагондарының үстіне шығып, суретке түспекші болған жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы таралып жатыр. Автордың айтуынша, жасөспірімді тоқ соққан, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін түске таяу болғанға ұқсайды. Бейнежазбада вагонның үстінде жансыз жатқан адамның денесі айқын көрініп тұр. Оқиға куәгерлері екі баланың вагон төбесіне шығып, фото жасамақшы болғандығын айтады. Сол сәтте оларды тоқ соққан екен.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Пойыз үстіне шыққан жасөспірім сол жерде тірідей жанып кетті
— дейді бейнежазба авторы.
Екінші жасөспірімнің жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях