Петропавл дәрігерлері екі өкпесі 90 процентке қабынған жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Жас ана дүниеге ұл бала әкелді. Науқас коронавирустық инфекциясын жұқтырып, 23 күн бойы қолдан дем беру аппаратына қосылып жатқан. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, қазір оның жағдайы жақсы. Әзірге нәресте оқшауланған. Жуық арада ол анасына беріліп, үйлеріне шығарылады.
– Дәрігерлерге мың алғыс айтамын. Толық емдеп шығарды. Мені ғана емес, ұлымды да аман алып қалды, – дейді жуырда ана атанған Әсел Бимендина.