2019 жылдың төртінші қарашасынан бастап облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаев №143 J9 бұйрығымен аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары лауазымына Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Бүгін филиалы төрағасының жаңа бірінші орынбасарын таныстыруға арналған аудан активінің жиналысы өтіп, оны аудан әкімінің бірінші орынбасары Айжан Назарбаева жүргізді. Жиынға аудандық Саяси кеңес мүшелері, мекеме бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 13772,13773″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Қаныбек Айтжанов 1964 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылында дүниеген келген. Білімі жоғары. 1990 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «малдәрігері», 2008 жылы «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
[su_custom_gallery source=»media: 13774″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Еңбек жолын 1990 жылы «ХХІІІ Партсъезд» атындағы кеңшар сүт кешенінің аға мал дәрігері болып бастады. 1994 жылы «Шамалған» көкөніс-сүт кеңшарының бас мал дәрігері, кеңшар директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Іле аудандық малдәрігерлік станциясының жетекші маманы, Іле аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік малдәрігерлік инспекторының міндетін атқарушы болды. Онан кейін еңбек жолы Қарасай және Жамбыл аудандарына байланысты болды. Атап айтқанда, 2000 жылдан бастап аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы малдәрігерлік қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ал, 2007-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі, Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары , Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болған. 2012-2013 жылдары Текелі қаласының әкімі, 2013-2017 жылдары Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ал, 2017-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып, 2018 жылдың бірінші қазаннан 2019 жылғы бірінші қарашасына дейін Қарасай аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.