„Нұр Отан„ партиясының „Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ„ партиялық жобасы аясында еліміздің барлық аймақтарында республикалық „Отбасына қолдау көрсету апталығы„ өтуде.
Осы мақсатта кеше „Апорт„ ойын-сауық кешенінде партияның аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаровтың қолдауымен әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға көмек қолын созуға бағытталған шара болды. Оған әр округтен 11 отбасы қатысып, ғимараттың ішіндегі „Funki town„ тематикалық паркінде және „Гавайи„ аквапаркінде тамаша көңіл көтерді. Бұдан бөлек, оларға дәмді тағамдардан дастархан да жайылды.
Соңында, барлық қатысушылар „Нұр Отан„ партиясының мүшелеріне алғысын айтып, жылы лебізбен тарқасты.