Ораза ұстамайтын адам күніне 3000 төлеуге міндетті ме?

Ораза ұстамайтын адам күніне 3000 төлеуге міндетті ме?

Ораза ұстай алмайтын адам күніне 3000 теңге төлеуге міндетті ме? Әлеуметтік желіде шымкенттік имам Нұрсұлтан Мамедалиевтің фидья садақасына қатысты айтқан ойы көпшілік пікірін екіге жарды. Бірі құптаса, екіншілері «бұл не масқара» деп наразылығын білдіруде,деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылым ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Ораза ұстай алмайтын, денсаулығы нашар адамдарға сол оразасының фидьясы ретінде 3000 теңге белгіленді. Бір күнде таңғы асты 1500 теңге, кешкі асты 1500 теңгеге алып беруі керек. Бұл кемі 5 мың, 10 мың, 20 мың алып берсе, тамақты өзі біледі. Кемі 3000 теңгеден кем болмауы керек. Садақаның бұл түрі барлығына бірдей ұнаған жоқ. Десе де мүфтият өзі шығарған пәтуаға күдік тудырғандарға қатысты бірден жауап берді. Фидья — созылмалы ауруы бар және ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ егде тартқан қарт адамдарға қатысты садақа дейді олар. Ал биыл 3000 теңге деп белгіленуі әр өңірдегі таңғы және кешкі тамақтың орташа мөлшерін есептеуден шыққан баға . Оған қоса фидьяны тек мешітке беру қажет деп жүргендірдің пікірі жансақ екенін айтады. Сондықтан көпшілікті мәселенің байыбына бармай байбаламға салмауға шақырады.
— Ораза ұстауға кімнің шамасы жетпейтін болса, ол бір міскінді, яғни бір жағдайы жоқ адамды таңертен, кешке тамақтандырады деген. Фидья садақасын болсын, пітір садақасын болсын, ол мешітке беру міндетті емес. Қаласа, жағдайы жоқ адамға, негізі, жағдайы жоқ адамдарға беріледі. Сондықтан да жағдайы жоқ адамдарға, бала-шағасы көп, тұрмысы төмен адамдарға апарып беруіне болады, – дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях