“Қолма-қол ақша”. Қарасай ауданындағы ең ірі ресейлік дүкен банк төлемдерінен бас тартты

“Қолма-қол ақша”. Қарасай ауданындағы ең ірі ресейлік дүкен банк төлемдерінен бас тартты

Алматыдағы құрылыс материалдарын сататын “Леруа Мерлен” дүкені банк карталары арқылы сауда жасауды тоқтатты. Бірнеше күннен бері халық керек-жарағын қолма-қол ақшаға сатып алып жатыр. Жағдайдың қашан тұрақталатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Райымбек даңғылының бойында орналасқан «Леруа Мерлен» дүкені бірнеше күннен бері тауарларын тек қолма-қол ақшаға сатып жатыр. Мұнда бөліп төлеу бойынша да шектеулер енгізілген. Сатушылар Ресейден келетін бірқатар тауар түрлері қоймада тұрғанын айтады. Ал олардың бағасына қатысты мәліметтер әзірге белгісіз.

«Дүкеннің ішіндегі тауарлардың бағасы өзгеріп жатыр. Ресейден енді келетіндердің бағасы қалай болатынын әзірге білмейміз. Доллардың өсуіне байланысты тауарлар қымбаттайды. Әзірге біздің дүкен қаладағы ең арзан бағаны ұстап тұр»,— дейді сатушы.

Дүкеннің неліктен банк карталары арқылы төлемді алып тастағанына қатысты «Леруа Мерлен» әкімшілігі тұшымды жауап бере алмады. Тек бас кеңсе Ресейде орналасқан, сол жаққа хат жіберіңіз деп — қысқа қайырды.

«Сізге себептерін қазір түсіндіре алмаймын. Оған жарнама бөлімі жауапты. Ол кісілер Ресейде отыр. Соларға хабарласыңыз»,— деді дүкен әкімшілігінің қызметкері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях