Округ әкімдерінің сайлауы

0
3332

Бүгін аудандық кітапханада Қарасай ауданына қарасты Қаскелең, Әйтей, Елтай, Райымбек және Үшқоңыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Оған ауданымыздың барлық мәслихат депутаттары қатысып, өз таңдауларын жасады. Он тоғыз халық қалаулысы қатысқан сайлаудың қорытындысы бойынша 15 дауыс жинап, Қаскелең қаласының әкімі болып Әділбек Далабаев сайланды.

Ал, көп дауысқа ие болған Әйтей округінің әкімі Қайсар Кикимов, Елтай ауылдық округінің әкімі Бақытгүл Жұманбаева және Райымбек ауылдық округінің әкімі Айдын Әуесбай қайта сайланса, халық қалаулыларының шешімімен Үшқоңыр ауылдық округінің әкімі болу Ақылбек Бексұлтанға бұйырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь