Облыстық мәслихат депутаты қабылдады

Облыстық мәслихат депутаты қабылдады

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында Шамалған ауылынан сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаты Съезбек Алишев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қатар, бұл жиынға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жұмабаев және Шамалған, Әйтей, Бірінші Май, Жандосов ауылдық округтерінің әкімдері мен ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Жалпы, қабылдау барысында халық қалаулысы үш адамды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ең алдымен, Толқын Жолдасбаева Съезбек Алипбайұлынан қаржылай көмек беруді өтінді. Ал, одан кейінгі қабылдауға келген Бауыржан Бекмұхаұлы мен Дастан Балқыбеков темір жол қызметіне орналасу жөнінде өтінішерін айтты. Барлығының сұрауын тыңдаған депутат қолдан келгенінше жәрдем беретінін жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Мұнан бөлек, Съезбек Алишев жиналған ауыл әкімдерімен кейбір әлеуметтік мәселелерді талқылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях