Қоқыс үйіндісінен табылған Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы: қызметтік тексеріс аяқталды  

Қоқыс үйіндісінен табылған Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы: қызметтік тексеріс аяқталды   

Павлодарлық прокурорлар қоқыстан табылған Елтаңба мен прокуратура тақтайшасына қатысты қызметтік тексерісті аяқтады, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz   желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы ведомство өкілдері қоқыста жатқан мемлекеттік символикаға мекеменің қатысы жоғын айтты.

«Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған Ақтоғай ауылының прокуратурасына тиесілі тақтайша мен ескі нұсқадағы Елтаңбаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында Елтаңба аудандық прокуратураға тиесілі емес екені анықталды. Ақтоғай аудандық прокуратурасының қызметкерлері Елтаңба табылған қоқысқа қатысы жоқ», — деді Павлодар облысы прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов.

Ведомство мәліметінше, бұл деректі полицейлер тергеп жатыр.

«Ақтоғай ауылындағы қоқыс полигонына мемлекеттік рәмізді лақтырған адамдар анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша Ақтоғай аудандық полиция бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізіп жатыр», — деді Құсайынов.

Еске салайық, 15 сәуірде Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінен Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылғаны хабарланған болатын. Instagram желісінде жарияланған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба болған, оның бірі сынып қалған, ал екіншісі бүтін.

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастаған. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях