Оқушылардың жазғы демалысы қысқаруы мүмкін?

Оқушылардың жазғы демалысы қысқаруы мүмкін?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына каникулды қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс алаңында министрге кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық мектеп оқушыларына каникулды қысқарту ұсынысы туралы сұрақ қойылды.

«Жақтайтындар да, қарсы болатындар да бар екенін айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың уәжін түсінеміз, бұл жерде ғылыми көзқарас болуы керек. Министрлік, білім басқармасы, мұғалім немесе ата-ананың көзқарасы тұрғысынан қарамауымыз керек. Оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарау керек», – деді министр.

Аймағамбетовтың айтуынша, қазір Білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін қазір зерттеу жүргізіп жатырмыз және оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Бұл мәселені әріптестермен алдын ала талқылаймыз», – деді МОН басшысы.

Бұған дейін Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулды төрт аптаға қысқартып, сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях